Әлемде әр минут сайын 50 футбол алаңына тең орман оталады.
Яғни адам өз қолымен табиғатқа зиян келтіреді. Осының кесірінен жердің суды ұстап тұру қасиеті бұзылған. Ғалымдар жаһандық климаттың жылынуы сылтау ғана. Әлемдегі су дағдарысына адамзаттың өзі кінәлі, — дейді.
Болат Есекин, Орталық Азия бойынша су ресурстарын басқару платформасының үйлестірушісі:
- Біз тұтынатын судың 70 пайызын азық-түлік өндірісіне жұмсаймыз. БҰҰ-ның дерегі бойынша, әлем жұрты өндірілген тағамның 40 пайызын қоқысқа тастайды. Яғни азық-түлікті дұрыс сақтамаса, бұзылып кетеді. Бағаны өсіру үшін оны қолдан ысырап қылатын кәсіпкерлер тағы бар. Мәселен, бір ғана бифштекске бір тонна су кетеді. Ал, сол бифштекс шығатын малды бағуға жем керек. Оны өсіру үшін қаншама су шығындалады?
Су тапшылығын жоюдың жолы табылды
Әлем елдеріндегі су саясаты қайта қаралуы қажет. Өйткені қазір жүргізіліп жатқан шаралар жеткіліксіз. Яғни тарифтерді көтеру, тамшылатып суару, үнемдеу мәселені түбегейлі шешпейді. Ең алдымен табиғи үдерістерді қалпына келтіру қажет, — дейді сарапшылар.
Арман Утепов, эколог:
- Бұрын суды тек үнемдеумен шектелсек, қазір оны қалай тиімді пайдалану мен табиғи жүйелерді қалпына келтіру туралы ойлауымыз керек. Су басқару жаңа парадигмасы суды табиғи экожүйе компоненті ретінде қарастырады. Су тек құбырлар мен каналдар арқылы тасымалдаудың орнына су топырақта, жерде сақтауды үйренуіміз керек. Бұл судың булануын азайтады. Екіншіден топырақтың құнарлығын арттырады.
Жер шары табиғи қорыққа айналуы мүмкін бе?
Қалай десек те, қазір әлемде мыңдаған түтінді кәсіпорындары бар ірі қалалар тоқтаусыз салынып жатыр. Демек, тіршілік нәріне деген қажеттілік күннен күнге арта береді. Ал сусыз тіршілік тығырыққа тіреліп, жойылу қаупі төнеді. Яғни оған иелік ету үшін әлем елдері арасында қақтығыс басталуы бек мүмкін, — дейді экологтар.
Арман Утепов, эколог:
- Батпақты жерлердің маңызы бар. Бұл жай ғана су жиналатын орын емес. Судың мөлшерін реттейтін және биологиялық әртүрлілікті қолдайтын табиғи губка ретінде топырақтағы ылғалды сақтай отырып, құрғақшылық пен тасқын салдарын азайтуға көмектеседі.
Болат Есекин, Орталық Азия бойынша су ресурстарын басқару платформасының үйлестірушісі:
- Ғалымдардың жүргізген зерттеуіне қарағанда, климат, су, биоалуандылық секілді табиғи үдерістерді сақтау үшін адамдардың табиғатқа араласуын шектеу қажет. Бұл үшін Жер бетінің тең жартысында табиғи қорықтар құру қажет.
Ауыз су үшін соғыс болуы мүмкін бе? Әрине мұны жоққа шығаруға болмас. Адамзат қағынса не нәрсеге де сылтау табады. Ал ластанған суды тазартуға, тұзды суды тұшытуға болады. Бірақ адамның ниетін түзеу қиын.