Ғалымдар қауіпті күндерді атады.


Бұл туралы 2026 жылғы 7 мамырда Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жер маңындағы күн желінің жылдамдығы артады деп күтілуіне байланысты 7 және 8 мамыр күндері геомагниттік құбылыстардың ықтималдығы айтарлықтай жоғары болады. Осы екі күннің әрқайсысында магниттік дауылдың (қызыл деңгей) болу ықтималдығы шамамен үштен бір, әлсіз геомагниттік ауытқулардың (сары деңгей) ықтималдығы да үштен бір. Ал қалған үштен бір жағдайда магнит өрісі жасыл деңгейде сақталады", – деді ғалымдар.

Мамандар әзірге бұл құбылыстың жалпы қарқынын орташа деңгейде бағалап отыр.

"Келесі, бұдан да күшті геомагниттік ауытқулар кезеңі 15-18 мамыр аралығында күтіледі", – деп хабарлады Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасы.