Мамандар құбылысты зерттеуді жалғастырып жатыр.
Күнде қуатты жарқыл тіркелді. Оның әсері жұлдыздың Жерге көрінбейтін бетінде болғанына қарамастан, біздің ғаламшарға жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ғалымдардың мәліметінше, белсенділіктің көзі 4436 нөмірлі күн дақтары тобы болған.
Бұл аймақ бірнеше күн бұрын Жерге қарама-қарсы орналасқан.
Жарқалдан пайда болғаннан кейін мамандар Жер маңында орташа деңгейдегі радиациялық дауылды және Күн бөлшектері ағынының күрт артқанын тіркеді.
Ғалымдар Күндегі жарқылдың әсері жұлдыздың арғы бетінен Жерге жетуі мүмкін болғанын ерекше жағдай деп бағалап отыр.
Алдын ала деректерге сәйкес, зарядталған бөлшектер Күнді айналып өтіп, Жерге жеткен болуы ықтимал.
Мамандар құбылысты зерттеуді жалғастырып жатыр.
Қазірге дейін Күннің Жерге көрінетін бөлігінде осындай жарылыс белгілері анықталмаған.