Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан Әлем кубогының финалы өтіп жатыр. Қазақстан қоржынында қанша жүлде бар? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лиманы жеңді. Ал Наталья Богданова 70 келі салмақта аустралиялық боксшыны 4:1 есебімен ұтып кетті.

Күндізгі сессияны соңғы болып Санжар Тәшкенбай аяқтады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны жеңді. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.

Кешкі сессия 19:00-де басталады. Онда кімдер өнер көрсетеді?

51 келі: Алуа Балкибекова (Қазақстан) — Пихла Кайво-Оя (Финляндия);

75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) — Суннива Хофстад (Норвегия);

80+ келі: Елдана Тәліпова (Қазақстан) — Нупур (Үндістан);

75 келі: Сабыржан Аққалұқов (Қазақстан) — Рами Киван (Үндістан);

90+ келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) — Никита Путилов (Германия).

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан және арнаның сайтынан көруге болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget