АҚШ президенті Дональд Трамп біраз елге баж салығын енгізеді.

Тарифтер тамыз айынан бастап күшіне енеді. Мөлшері шамамен 10%-дан 70%-ға дейін. Ақ үй бұл ақпармен бір апта ішінде ресми түрде бөліседі. Трамптың айтуынша, мұндай шара елге қосымша инвестиция тартуға әсер етеді. Еске салайын, Ақ үй басшысы тауарларға баж салығын енгізу туралы шешімін алғаш рет сәуір айында жариялаған еді. Кейін оны үш айға шегеріп, басқа елдермен сауда келіссөздерін жүргізуге тырысты. Нәтижесінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Вьетнаммен ғана ортақ келісімге қол жеткізді.