Әлемдегі босқындар саны 122 миллионнан асты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – Біріккен ұлттар ұйымының жаңа мәліметі. Кейінгі кезде үйсіз-күйсіз адамдар қатары 2 миллионға артқан. Олардың жылы орнын суытуына соғыс пен қарулы қақтығыстар себеп. Көбі Судан, Сирия, Ауғанстан және Украина азаматтары. Десе де, өткен жылдың желтоқсанынан бері Сирияның 500 мыңнан астам тұрғыны Башар Асад режимі құлағаннан кейін еліне орала бастаған.