«Қайрат» футбол клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны бірден 1,3 миллион еуроға өсті. Дастан қазір Қазақстан премьер лигасындағы ең қымбат ойыншы. Соңғы кезде танымалдылығы артқан вундеркиндті «Челси» футбол клубы қатарына қосқан болатын. «Transfermarkt» порталының ақпаратынша, Дастанның қазіргі бағасы 1,8 миллион еуро. Одан кейінгі сатыда командаласы Валерий ГрамыкА. Ол 1,2 миллион еуроға бағаланған. Үшінші орынды 900 мың еуромен үш аяқ доп шебері бөлісі. Екеуі « Қайраттық »: Гиоргий Зария мен Егор Сорокин, сондай-ақ «Тобылдың» футболшысы Ислам Чесноков. Ал Ұлттық құрама бойынша Дастан трансферлік құны бойынша төртінші тұр. Бірінші сатыда 3,3 миллион еуромен Бахтиер Зайнутдинов, одан кейін 3 миллион еуромен Нұралы Әліп болса, үздік үштікті 2,5 миллион еуроға бағаланған Максим Самородов түйіндейді.

Асылбек Данияр