Әлемде аштық дендеп барады. БҰҰ-ның дерегіне сәйкес, жер бетінде 295 млн адам аштықтың зардабын тартып отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 14 млн адамға көп. 50-ден астам елде жағдай аса күрделі. Әсіресе Газа секторы , Ауғанстан, Пәкістан, Эфиопия, Кенияда ахуал ушыққан. Мұндайда балалар әуелі еске түседі. Бір татым нанға зәру сәбидің хәлін елестетудің өзі қорқынышты. Ал азық-түлік тапшылығы жыл өткен сайын күшейіп барады. Осындайда ысырапшылық еріксіз ойға оралады. Бізде той-домалақ, ас-садақаларда аста-төк тағам қойылады. Жартысы желінбей, дастарханнан тікелей қоқыс жәшігіне тасталып жатыр. Обалы кімге?