Бұл туралы ресми статистикадан белгілі болды.


2025 жылы орташа есеппен қазақстандық алкогольдік сусындарға 6,4 мың теңге жұмсаған. Бұл номиналды түрде өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға аз. Инфляцияны ескергенде төмендеу әлдеқайда айқын: жылдан жылға -22%.

Мүны Ұлттық статистика бюросының деректері көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Номиналды мәнде жан басына шаққанда қазақстандықтардың алкогольге жұмсайтын шығыны сирек төмендейді. Соңғы 14 жылда мұндай жағдай, соңғысын қоса алғанда, небәрі үш рет болған. Алайда инфляцияны ескергенде көрініс өзгереді: аталмыш кезеңде төмендеу жартысынан көп жағдайда байқалады – алкоголь сусындары бағасының өсуі көбіне халық шығындарының өсімінен озып кетеді.

Айта кетейік, қазіргі уақыттағы нақты төмендеуі, -22%, кем дегенде 2012 жылдан бергі ең күшті көрсеткіш болып отыр. Нәтижесінде, жинақталған инфляция деңгейіне түзетілген бағамен есептегенде, халықтың алкогольге жұмсайтын шығыны 15 жылдық бақылау тарихындағы ең төмен деңгейге жетті.

"20 өңірдің 13-інде алкогольге жұмсалатын шығынның номиналды төмендеуі байқалады. Бұл жалпы төмендеуге ең үлкен үлесті Шығыс Қазақстан облысы (-5 мың теңге, 11,1 мың теңгеге дейін) және Астана (-4,9 мың теңге, 6,2 мың теңгеге дейін) қосты. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылықты Қарағанды облысына берді. Айтпақшы, Қарағанды облысында алкогольге шығындар номиналды түрде 2%-ға өсіп, 14,2 мың теңгеге дейін жетті", – делінген ақпаратта.

Жалпы алғанда, өңірлер арасында жан басына шаққандағы алкогольге жұмсалатын орташа шығында айтарлықтай айырмашылық бар.

Мысалы, Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының көрсеткіштері 17 есе айырмашылық көрсетеді. Маңғыстау облысында бұл шығын ҚР-да ең төмені – 0,8 мың теңге.