Түркияда муайтайдан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы атыраулық Юсуф Мухтасип сенсация жасап, чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол финалда жарыс иесі, түрік Салих Сарметен басым түсті. Жартылай фианлға іркілмей өткен ол ширек финалда гонконгтық атлеттен басым түссе, жартылай финалда ресейлік қарсыласынан айласын асырды.

Оқи отырыңыздар:

  • Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
  • «Ролан Гаррос»: Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Атыраулық атлет әлем чемпионы атағымен қатар, Elite-сыныбындағы ең жас әлем жеңңімпаз атағын иеленді. Сонымен қатар ол Халықаралық муайтай федерациясының «Жыл жаңалығы» арнайы жүлдесін иеленді.