12-13 мамырда жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс өңірлерде үсік жүреді.


"Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болатынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аумағынан келген антициклон Қазақстанның барлық өңіріне салқын ауа әкелген. Суық ауа массаларымен толығып отырған антициклон жақын күндері ел аумағындағы ауа райына әсерін жалғастырады.

Осыған байланысты солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта теріс температура сақталады.

Ал антициклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын, 13 мамырда түнгі үсік оңтүстік-шығыс өңірлерге де жетеді.

Бұған дейін синоптиктер мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +33…+41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.