Жаңа балабақша бүлдіршіндерге мемлекеттік тілде білім мен тәрбие береді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс жүргізілгенін тілге тиек еткені мәлім. Өңірде бұл салада атқарылып жатқан іргелі істер баршылық. Су жаңа балабақшаның құрылысына да мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 200 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Былтыр қалада 90 және 140 орындық 2 бірдей балабақша ашылды. «Бүгінгі күні 2 мен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 97,5 проценті қамтылған. Ендігі меже – осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізу. Ал жаңа тәрбие ошағы 280 орынға есептелген. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мектепке дейінгі білімнің жаңа деңгейге шығуы жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды қадам деп атап өтті. Ата-аналардың да қуанышында шек жоқ.

Гүлнар Жаманбаева, педагогика саласының ардагері:

- Елімідің, өзіміздің қазақ екенімізді білдіретін ана тілінде таза сөйлейтін балаларды тәрбиелеу осы балабақашадан басталады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жас буын үшін ерекше маңызды деп атап өтті. Бұл ретте балабақшадағы әрбір топ жасанды интеллектпен жабдықталған интерактивті тақталарымен қамтылған. Алты мен 12 жасқа дейінгі 12 топ пен 56 педагог маман жұмыс істейді.

Бақыт Нұрышева, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Барлық топтар мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде тәрбие беретін. Әрине ұлттық тәрбие беру, ұлттық тәрбиені балалардың бойында қалыптастыру қазіргі кезде өте маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да біз қуаншытымыз.

Балабақша заманауи, әдемі әрі қауіпсіз жиһазбен жабдықталған. Әр топта балалардың шығармашылық бастамасын дамыту үшін ойын модульдері қарастырылған. Тәрбиешілер интерактивті дидактикалық ойындар мен құралдарды пайдалана алады. Сондай ақ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған кабинеттер бар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қуаныш Қазбеков