Қазақстанда әйелдер құқығының қорғалуына байланысты азаматтардың сенімі 27 пайыздан 36 пайызға дейін өскен. Ұлттық комиссияның дерегінше көрсеткіш жылдан жылға жақсарып келеді.

Ташкентте өткен Орталық Азия және Әзербайжанның әйелдер құқығын қорғау жөніндегі жиынында Қазақстанның конституцилық сот төрағасы Эльвира Азимова елде атқарылып жатқан реформалар жайлы баяндады. Айтуынша, бұл шаралар әйелдердің құқығын қорғап қана қоймай, оларға экономикалық, заңнамалық тұрғыда көмек беріп, отбасы институтын дамытуға ықпал етеді.

Эльвира Азимова, ҚР Конституциялық Сот төрағасы:

- Тек қана жауапкершілікке байланысты ғана емес, сонымен қатар прафилактикаға да байланысты шаралар жоспарланып жатыр. Соның ішінде Мәжілісте қазір прафилактикаға байланысты біріккен заң қаралуда.

Жиын БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясының қабылданған күніне орай өткізілген. 1948 жылы қол қойылған құжатта әр адам нәсіліне, жынысына, тіліне, діни, саяси немесе өзге наным-сеніміне, ұлттық, әлеуметтік тегіне қарамастан тең құқылы делінген.