Астанадағы Конгресс-холда “Әділет” бастамашыл тобының алғашқы съезі өтіп жатыр. Жиынға елдің әр өңірінен келген қатысушылар жиналып, жаңа саяси бастаманы қолдап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Съезге келгендердің қатары көп. Бастамашыл топ мүшелерінің кеудесіне “Әділет. Мандат” деген жазуы бар белгілер тағылған. Жиын барысында қатысушылар “Әділет” партиясын құру туралы бастаманы бірауыздан қолдап дауыс берді.
Сонымен қатар партияның атауын “Әділет” деп бекіту жөніндегі ұсыныс та көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр. Съезде Президент әкімшілігі басшысы қызметінен жақында босаған Айбек Дәдебай да бар.