Бұл туралы жергілікті синоптиктер хабарлады.
Ташкентте соңғы 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасының рекорды жаңарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы "Uzb_Meteo" Telegram-арнасында хабарлады.
Өзбекгидрометтің мәліметінше, 4 шілде күні "Ташкент-Обсерватория" метеостанциясында ауа температурасы +43,5°C-қа жеткен. Бұл – 1868 жылдан бері дәл осы күні тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Бұл рекорд Ташкентте 1997 жылы 18 шілдеде тіркелген абсолютті максимумнан (яғни +44,6°C) 1 градусқа ғана төмен.