Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне өзгеріс енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Жаңартылған тізімге енген ауру түрлері:
– туберкулёз,
– АИТВ (ВИЧ) инфекциясы,
– созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы,
– қатерлі ісіктер,
– психикалық және мінез-құлық бұзылыстары,
– жедел миокард инфаркті (алғашқы алты ай ішінде),
– сирек (орфандық) аурулар,
– жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары,
– орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары,
– эпилепсия,
– цереброваскулярлық аурулар (инсульттер) – бір жыл бойы.
Бұған дейін бұл тізімде қант диабеті, ревматизм және балалардың церебралды сал ауруы (ДЦП) болған еді.
Жаңартылған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.