Қазақстандағы мектептер мен колледждерге енгізілген буллинг үшін салынатын айыппұлдың құны белгілі болды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мұндай әрекет үшін 10 АЕК, яғни 39 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жағдай қайталанса, сома 30 АЕК немесе 117 мың теңгеге дейін өседі. Бүгінде білім беру ұйымдарында «ДосболLIKE» атты антибуллингтік бағдарлама іске қосылған. Сынып сағаты кезінде 10 минут осы тақырыпқа арналады. Балалар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін, алаяқтардан қорғануды, төтенше жағдай кезінде әрекет етуді үйренеді. Айта кетейік, балалар өз құқықтарының бұзылғаны туралы мектептерде орналасқан «111» жедел байланыс орталығының QR коды арқылы хабар бере алады.
Темірлан Нұрсолтанов