Бала жазуға үйренбегендіктен, ауыр немесе қолайсыз қалам оның қолын шаршатуы мүмкін. Сондықтан мамандар болашақ оқушыларға арнайы қаламдар сатып алуға кеңес береді. Бұл туралы Рошаль атындағы Балалар клиникалық орталығының педиатриялық бөлімінің меңгерушісі Юлия Ровенская айтып берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі rbclifetime.ru-ға сілтеме жасап.

Сарапшының 5 кеңесі

  • Қалам мен қарындаштың ең ыңғайлы пішіні – үш қырлы (үшбұрышты).
  • Өте жіңішке немесе тым жуан қалам қолды шаршатады. Орташа қалыңдығы қолайлы.
  • Қаламда сырғымайтын резеңке қаптама болуы керек. Ол қолдың дұрыс орналасуына көмектеседі.
  • Жазуы жеңіл, күшті көп қажет етпейтін қалам таңдау қажет. Шарикті қаламдар ең қолайлы: сиясы тез кебеді, жайылмайды.
  • Мультфильм кейіпкерлері бейнеленген қаламдар оқу үшін қолайсыз. Олар қолды тез шаршатады.

Солақай балаларға кеңес

Егер балаңыз солақай болса, оны қайта үйретудің қажеті жоқ. Бүгінде сол қолмен жазуға ыңғайлы, арнайы иілген корпусы бар қаламдар шығарылады.

Мектепке қажет заттар

Бірінші сынып оқушысына мына заттарды дайындау ұсынылады:

  • тор көз және көлбеу сызық дәптер,
  • қарапайым және түрлі түсті қарындаштар,
  • 15–20 сантиметр сызғыш,
  • қоқыс жинайтын қақпағы бар ұштағыш,
  • өшіргіш,
  • оқулыққа арналған тіреу,
  • санауға арналған таяқшалар.

Маңызды ескерту

Маман ата-аналарды балаларға қалам, қарындаш немесе фломастерді жалауға болмайтынын түсіндіруді өтінеді. Себебі қолда жүрген қаламда микроб көп жиналады. Бұл жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін. Құрғаған фломастерді жалап жаздыру да қауіпті: заманауи бояулар улы емес болғанымен, аллергия туғызуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget