0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізген Мәжіліс құжатты Сенатқа жіберді. Қандай өзгерістер енді, бұл халыққа не береді? – деп, қысқаша түсіндіріпті, Мәжіліс депутаты А.Аймағамбетов телеграмдағы парағында.
«Бір жарым ай ішінде депутаттар, пайдалы өзгерістер енгіздік. Бұл — жай формальді баптар емес, күнделікті өмірге әсер ететін шешімдер» деп бастайды. Сонымен
«Жұмыссыз қалсаң — емханадан айырылмайсың» деп жазады депутат.
Бұрын тіпті бір ай жарна төлемесең емхана қабылдамайтын... Енді бұлай болмайды. Егер адам бірнеше жыл бойы тұрақты төлем жасап жүрсе, сосын жұмыстан айырылып, 6 айға дейін жарна төлемесе де, бухгалтериясы кешіктіріп аударса да мәртебесі сақталады. Яғни емхана мен ауруханаға баруға құқығы бар.
Сондай-ақ, сақтандыру болмаса да алғашқы көмек көрсетіледі.
МӘМС жарнасы болмаса да адамдардың емханаға баруға, негізгі анализдерді тапсыруға, ЭКГ, ультра дыбыстық зерттеуден өтуге, туберкулёз, ВИЧ, онкологиялық аурулар сияқты әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ем алуға құқығы бар.
Біз де бірнеше рет көтерген тағы бір маңызды мәселе бойынша оң шешім бар. Бұл — клиникалар мен қордың ақшаны қайда, неге жұмсайтыны?
Енді МӘМС қоры, ақша алатын барлық клиникалар қанша алды, неге жұмсады — есеп беруге міндетті:
«Бәрі бірден шешілмейді. Бірақ бұл — нақты, өмірге әсер ететін қадамдар» деп жазды депутат.