Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Жезкиік. Ақбөкен.
Қырып алып, сақтауға, қорғауға ұмтылдық. 2019 жылы «Охот-зоопромның» инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан қаза тапқанда күңіренбеген адам жоқ.
Қорықшылардың еңбекақысын көтеру, қару қолдануға рұқсат беру сияқты табиғат қорғаушылардың қордаланған мәселесі көтерілді.
Нәтижесінде соңғы жылдары киік көбейді. Енді шаруа адамдары жерін таптап кететінін, малға шөп қалмай жатқанын айтып отыр. Сөйтіп «Киік басын реттеуге бола ма?» деген сұрақ туды. Ғылыми зерттеуге сүйене отырып шығаратын шешім. Екінші: егер реттеуге болады деген пәтуа шығып, түпкілікті рұқсат берілсе, еті мен сүйегін өңдеу мәселесін шешпей, бастауға болмайтын тірлік. Обал, кие деген қайта туады.
Тақырыпты БҚО-ның мысалында меншікті тілші Ардақ Мұратқызы талдап көрді.