Chicago Sun-Times гаезті жазғы демалысқа деп кітап тізімін ұсынады. «Оқыңыздар» деген 15 кітаптың 10-ы дүниеде жоқ кітап болып шығады. Марко Бускалья есімді автордың бетінен оты шыққанға ұқсайды. «Кейде» жасанды интеллектіні қолданамын, бірақ үнемі тексеремін, бұл жолы өйтпедім, неге екенін өзім түсінбеймін. Бұған 100 пайыз кінәлімін, қатты ұялып жүрмін» депті.

Рас, жасанды интеллект өнімдері бойынша да сыни ойлау — базалық сауаттылықтың бір түрі болуы тиіс! Жалпы сыни ойлау керек дейміз, бірақ сол дағдыны қалыптастырып отырмыз ба?

«Адамзат қазір зымыран ұшырып, жасанды интеллект жасап, жаңа вакциналар мен дәрілер ойлап тауып жатыр. Бірақ сонымен қатар, фейк жаңалықтарға сенеміз, қастандық теорияларына иланамыз, эмоцияға беріліп, шешім қабылдаймыз. Стивен Пинкердің «Рационалдылық» деген кітабы осы сұраққа жауап іздейді» деп аталған еңбекті оқуға кеңес берген депутат А.Аймағамбетов, телеграмдағы парағында былай жазды:

«Пинкердің айтуынша, рационалды болу дегеніміз, IQ-ың жоғары болуы емес.

Бұл — сыни ойлай білу: факт пен пікірді ажырата алу, өз сеніміңді қайта екшеп отыру және қателесу мүмкіндігін мойындау.

Біз жастарды ақпаратты талдауға, манипуляцияға ермеуге, логика мен сыни ойлауға үйретуіміз керек».

Ол үшін біз, үлкендер қызыл кеңірдік болып талқылап, қоймай сөз қылып жүрген тақырыптарды өзгертеміз?

Елдос Есенбол таразылайды.