Италияның Лампедуза аралының маңында мигранттар қайығы суға кетті, деп хабарлайды 24kz.

26 адамның сүйегі табылды. Тағы 10-ы ұшты-күйлі жоғалған. Бортта шамамен 100 қаралы адам болған. Олардың 60-ы құтқарылды. Қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы халықаралық миграция ұйымының дерегіне сүйенсек, 2014 жылдан бері Жерорта теңізінің орталық бөлігінде 25 мыңнан астам мигрант жоғалып кеткен.