Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында тұсауы кесілген WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде , деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүлде қоры 5 152 199 долларды құраған жарыстың алғашқы айналымында бос болған ол екінші кезеңде әлемнің 50 ракеткасы америкалық Хейли Баптисттен 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Одан кейін Рыбакина румыниялық Жаклин Кристианды қапы қалдырды – 6:0, 7:6. Төртінші айналымда жерлесіміз украиналық Даяна Ястремскаямен күш сынасады.

Юлия Путинцева дәл осы доданың тұсаукесер бәсекесінде қытайлық Ханьюй Гоға жол берді – 3:6, 3:6.