Бағанашыл шағын ауданында орналасқан ғимарат ескіргендіктен, Балалар үйінің тәрбиеленушілерін басқа қалаға көшіруге шешім қабылданған. Қазір жауаптылар ғимараттың апатты жағдайда тұрғанын айтады. Нысан 1963 жылы салынған.
Ал Қонаевтағы 180 орындық жаңа мекеме инвесторлардың қаражатына салынған. Заманауи талапқа сай, қажеттінің бәрі қарастырылған. Алайда Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевта салынған жаңа ғимаратқа көшуден бас тартты. Қоғам белсенділері: «Балалар мен мекеме тәрбиешілерінің пікірі ескерілуі тиіс», – дейді.
Әдемі Қалиева, №1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі:
- Біз барғымыз келмейді. Өзіміз де бауыр басып қалдық, олар да бауыр басып қалды. Мен енді 3 жасымнан балалар үйіндемін ғой. Мен білемін. Бұл біздің үйіміз болып кеткен ғой. Бізбен өскен қанша балаларды көрдік. Енді бұл балалар достарымыз болып қалды. Біз бір отбасындай болып қалдық. Сондықтан жібергіміз келмейді.