Мәжілісмен мекеме басшылығымен кездесті.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бағанашылдағы балалар үйінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәжілісмен балалар үйінің директорымен кездесті.
– Осы шуды көтермей, бір ымырамен, қоғамдық келісіммен жасауға болады ғой. Үлкен қоғамдық комиссия құрып, құжаттамаларды ашық қылып дегендей. Кімнен жасырып отырсыз ол ақпаратты? Астана Құрылыс Сервистің қорытындысы қайда? Ресми түрде көшіру мәселесі заңды түрде өту үшін сіз бірінші мүдделі болуыңыз керек. Одан кейін облыс әкімі, – деді депутат.
Мәжіліс депутаты журналистерге берген жауабында, балалар үйі орналасқан жерге қатысты бірқатар сұрағы бар екенін жасырмады.
– Бұл аумақ әрі қарай да балалар үйі болып қала ма, әлде кейін бұл жерге элиталық таунхаустар мен коттедждер салына ма?, – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Президент тапсырмасымен Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтінін жазған едік.