14 жасар қазақ теннисшісі Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасындағы үш бірдей ITF Juniors турнирінде топ жарды , деп жазады Egemen.kz.
Алғашқы жарыс Түркияның Бурсасында өтті. Финалда қандасымыз Берке Окумусты айқын басымдықпен ұтты – 6:2, 6:0. Арада бір апта өткеннен соң Аңсар Аданадағы доданың жұптық сайысында өзінің отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге жеңіс тойын тойлады.
Ал күні кеше ғана Аңсар Ниетқалиев Алатау бауырайында жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында ұйымдастырылған «J60 Almaty Open» жарысында теңдессіз деп танылды. Шешуші сында ол қазақтың тағы бір дарынды ойыншысы Олжас Есеналыдан айласын асырды – 6:2, 6:2.