Алматы облысы Саймасай кентінде 7-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл ақпан айында үйдің жанында тұратын көршілері “Немолчи” қорына балалардың мүшкіл жағдайы туралы айтып, дабыл қақты.

“Байқұс балаларға жаным ашиды. Анасы ішкіш, Үйлерінде төсек те жоқ, суық. Отын, көмірі де жоқ. Балалар ауырып жүр, ішерге тамақтары жоқ. Үйдің іші темекі тұқылы мен бөтелкеге толған. Үлкені 9, ортаншысы 7, кішісі 3-сыныпқа барады. Бір нәрсе сатып алу үшін жалданып жұмыс істейді. Өгей әкесі ортаншы баланы зорлайтын сияқты. Ортаншы бала көмек сұрап, күнделігіне өзінің жағдайы мүшкіл екенін, өмір сүріп шаршағанын айтып жазған. Мектеп қолға алғанын айтты. Бірақ тым ұзаққа созылып кетт”, – деп жазған көршілері.

Бұл жағдайдан кейін қор отбасының мекенжайы мен балалардың аты-жөнін нақтылап, барлық ақпаратты ювеналды полицияға жіберген. Ювеналды полиция келіп, тексеріс бастағаннан кейін қор бұл жағдайға қатысты жұмысты тоқтатқан. Алайда мұнымыз бекершілік болыпты деп өкінді қор өкілі.

Болған жағдайды Алматы облысының полиция департаменті растады.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық тергеу әрекеттері Алматы облыстық полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіліп, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған. Істің тергелу барысы Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деп мәлімдеді ведомство.