Жамбыл облысындағы ауылдардың біріндегі ауруханада 6 жасар бала көз жұмды. Баланың туыстары бұл жайтқа дәрігерлерді кінәлап отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туыстарының сөзінше, бала 29 қыркүйектен бастап ауырған, учаскелік дәрігерге барғанда көмектеспей, үйге қайтарған.

"Баланың әжесі дәрігерге тізерлеп жалынып, 7 қазанда ғана ауруханаға жатқызды. Бала ауруханаға жатқанымен, диагноз қойылмаған. Ауырғанда тек "Креон" дәрісін бере берген. Бүгін баладан айырылып қалдық", — дейді жақындары.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілі жағдайға пікір білдірді.

"6 жасар бала ауруханаға "жатқызу порталы" арқылы жоспарлы түрде әжесімен бірге түскен. 7 қазаннан бері клиикалық хаттамаға сәйкес тиісті зерттеу жасалып, тағайындалған емді қабылдаған. Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған. 10 қазанда сағат 06.55-те кенет қайтыс болған. Қазір баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр. Ішкі істер бөліміне хабарланды, сот сараптамасы тағайындалды", — деді дәрігерлер.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget