Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді:
- 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
- 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.
- Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!