Әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай финал үшін өткен кездесуде ол Украина өкілі Марта Костюктан басым түсті.

"Есеп 6:1, 2:1 болып Еленаның пайдасына шешілген сәтте қарсыласы оң қолы жарақаттануына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Осылайша Рыбакина маусымда екінші, ал мансабында оныншы рет WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты", — деп жазылған хабарламада.

Жартылай финалда ол канадалық Виктория Мбокомен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget