Бүгін дәстүрлі « Тұмар » телевизиялық бәйгесі де қорытындыланды.
Салтанатты шараға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Кіл жүйріктің ішінен үздік деп танылғандар қатарында біздің де әріптестеріміз бар. Тұмардың арнайы жүлдесі 30 жылдық тарихы бар "Хабар" агенттігінің ұжымына берілді. Ал "Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама аталымында" "President" жобасы жеңіс тұғырынан көрінді. "Ең үздік тележүргізуші" номинациясы бойынша Мөлдір Доспаева оза шықты. Айта кетсек, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқу болуымен ұйымдастырылған мәртебесі жоғары жүлде биыл осымен 9-мәрте өтіп отыр. Биыл байқауға 11 номинация бойынша республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түскен. Бүгінде отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды. Қуатты құралдың ел дамуындағы ролі айрықша екенін президент те ұдайы айтып келеді.
Мөлдір Доспаева, «Хабар» Агенттігі» АҚ тележүргізушісі:
- Жалғыз менің марапатым емес. Бұл марапат Хабар агенттігінің марапаты. Біздің осылай телеарнада жарқырап жүргеніміз сол кісілердің арқасы. Әйел адамының осылай жетістікке жетуі үйде тақымын қысып отырған жақындары. Екіншіден, сол кісілерге үлкен алғыс білдіремін.