Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды.
Оның айтуынша, жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік органдар ұсына алады.
Үміткерлердің 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдары қаралады. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.