Аталған іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Ақмола облысының Целиноград ауданында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полицияның мәліметінше, 2 мамыр күні Целиноград ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен адамның мәйіті табылды.

"Өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.