Lider.kz еріктілерінің айтуынша, ол үйінен отбасылық жанжалдан кейін кетіп қалған.
36 жастағы Бауыржан Олжас 19 наурызда жоғалып кеткен. Ол Әуезов ауданы, Таугүл-3 шағын ауданы, Мұхамеджанов көшесі, 71-де орналасқан үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бойы: 190 сантиметр, орташа дене бітімді, қара сұр шашты, қоңыр көзді.
Жоғалған күні қандай киімде болғаны белгісіз.
Іздеу топтары жоғалып кеткен ер адамның болуы мүмкін барлық орынды тексергенін атап өтті.
Егер Бауыржан Олжастың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, +77051053131, +77013759291 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз.
“Жақындарыңыз сізді іздейді, күтеді, алаңдайды. Сізді сүйетін және бағалайтын адамдарға қарай қадам жасаудан қорықпаңыз. Кейде бір қоңырау жүрек жарасын емдеп, көз жасын тоқтата алады. Қайда болсаңыз да, оларға тірі екеніңізді білдіріңіз. Олар сізді үйде асыға күтуде", – деп жазды еріктілер.