Тұмауға тұтылмаудың жалғыз жолы — оның алдын алу. Елде эпидмаусым басталғалы 2 млн 268 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді. Бұл – жалпы халықтың 11 пайызы.
Тұмау эпидемиясы жыл сайын болатын үрдіс. Тұмаумен жас та, кәрі де ауырады. Алайда оған бей-жай қарауға болмайды. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ созылмалы сырқаты бар жандарға сақ болған жөн. Мамандар жеке бас гигиенасын берік ұстанып, көпшілік орындарға көп бармауға шақырады. «Ал егер дерттің қандай да бір белгілері байқалса, бірден дәрігерге көріну керек», — дейді.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Бүгінгі таңда елімізде осы тұмауға қарсы, ЖРВИ-мен ауырған сыныптардың 30 пайыздан асуына байланысты онлайн оқуға көшірілген мектептер бар. 11 өңірде 500-ден астам сынып қашықтықтан оқуға көшірілді.