Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нақты көрсеткіш қандай

Министрдің сөзінше, жыл сайын ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мың жағдайы тіркеледі. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы бері ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Кейінгі аптада ЖРВИ-дің 183 мың жағдайы тіркелген.

Қандай тұмау тарап жатыр?

Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы — 590, оның ішінде А типі (H3N2) — 587 (Қазақстанда 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы), А (H1N1) типі — 3 жағдай.

"Биыл тұмау өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирус айналымда жүргені байқалады", - деді Ақмарал Әлназарова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget