Қазақстанның 7 өңірінде ЖРВИ салдарынан 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мән-жайды айтты. Оның сөзінше, қашықтан оқуға мына сыныптар ауыстырылды:

  • Астана — 24 мектеп, 182 сынып;
  • Абай облысы — 21 мектеп, 276 сынып;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 57 мектеп, 204 сынып;
  • Жамбыл облысы — 14 мектеп, 598 сынып;
  • Қостанай облысы — 12 мектеп, 168 сынып;
  • Ақмола облысы — 3 мектеп, 21 сынып;
  • Қарағанды облысы — 1 мектеп, 20 сынып.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget