Мексикада Уруапан қаласының мэрі Карлос Мансоның өлімінен кейін жаппай наразылық басталды.
Белсенділер әділдік орнатуды және қылмыскерлерді жазалауды талап етіп, штат үкіметі ғимаратының алдына жиналды. Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, сегіз адамды ұстады. Карлос Мансо алаңда сөз сөйлеп болған кезінде 5 мәрте оқ атылған. Екі күдікті ұсталып, шабуыл жасаған бір адам оқиға орнында қаза тапқан. Оққа ұшқан саясаткер Мексика президентінің есірткі картельдері мен қылмыстық топтарға қарсы күрес тәсілін ашық сынап келген. Штат билігі тергеу жүргізетінін хабарлады.