Энергетика саласын жаңғыртудың ең маңызды бағыты – заманауи цифрлық шешімдерді енгізу. Енді электр желілерін әуеден шолу және фотосуретке түсіру үшін дрондар пайдаланылады. Қазір бағана басындағы сымдарды қолмен тексеру үшін жүк көтергіш техниканы пайдалану қажет.
Болашақта дрондар өз бетінше дербес жұмыс істейтін болады. Ал жасанды интеллект суреттерді талдап, ақауларды анықтайды. Осылайша, ол болжам жасау арқылы желіні үздіксіз бақылауда ұстайды. Осыған ұқсас шешім жылу желілерін диагностикалау үшін де қолданылады.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:
- Мұндай тәсіл мұнай саласында бұрыннан қолданылып келеді, ал қалалардағы инфрақұрылым үшін жаңадан пайда болды. Бұл жылан тәрізді ұзын құрылғы, көлемі үлкен, көптеген датчиктері бар. Міне, сол робот құбыр арқылы өтіп, оның 3D моделін жасайды және қай жерде ақаулар, тоттар, кептелістер бар екенін анықтайды. Бұл уақтылы мониторинг жүргізіп, дер кезінде әрекет етуге көмектеседі.