Жобаның режиссёрі әрі сценарий авторы – Айтөре Жолдасқали.


Канн кинофестивалінде жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы отандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Higgsfield платформасында жасалған Hell Grind атты 95 минуттық туынды авторларының бірі – Ерзат Дулат. Ал фильмнің режиссёры Айтөре Жолдасқали көпшілікке "Ауру" атты хоррор фильмімен танымал.

Жоба небәрі 3 аптадан аз уақыт ішінде дайындалған. Команданың мәліметінше, тек алғашқы 25 минуттың өзіне 253 көрініс үшін 16 181 генерация қолданылған. 500 мың доллардан аспайтын фильм бюджетінің 400 мың доллары есептеу қуаттарына жұмсалған.