Израиль Дохада ХАМАС мүшелеріне шабуыл жасау туралы шешімін орынды деп санайды . Еврей билігі 8 қыркүйекте Иерусалимде терактіден кейін осындай қадамға барғанын мәлімдеді.

Шабуыл араб мемлекетіндегі ХАМАС жетекшілері отыратын ауданға бағытталған. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.

Рауан Мыңбай, тілші:

- Дохадағы жағдай тұтас шығанақ мемлекеттерін алаңдатып отыр. Әлгінде ғана осы Қатар мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі Израильді айыптап, хабарлама таратты және бұл шабуылдың өз мемлекетінің территориялық тұтастығына нұқсат келтіретінін де тілге тиек етті. Жалпы бұл жағдайға байланысты шығанақ мемлекеттерінің ішінде Сауд Арабиясы болсын, Араб Әмірліктері болсын әзірге ешбір арнайы мәлімдеме жасаған жоқ. Шабуыл барысында зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Әлеуметтік желілерде ХАМАС басшыларының бірінің қаза болғаны жайлы айтылып жатыр. Дегенмен, ресми БАҚ өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарады. Дохада орналасқан қазақстандық дипломаттармен байланысқа шықтық. Олардың бізге берген мәліметі бойынша зардап шеккендер жоқ. Қазақстандықтар жөнінде де ақпаратты нақтылап жатырмыз.

Авторы: Рауан Мыңбай