US Open турнирін сәтті бастаған қазақстандық теннисші Александр Бублик төртінші айналымда сүрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемнің бірінші ракеткасымен кортқа шыққан отандасымыз 1:6, 1:6, 1:6 есебімен ойсырай жеңіліп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.
Матч небәрі 1 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақытта Синнер 8 эйс жасаса, Бублик еншісіне небәрі 2 эйс жазды. Ал, дабл-фол көрсеткіші бойынша да айырмашылық үлкен, Бублик – 13, Синнер – 1. Италиялық теннисші мүмкін болған 17 брейк-пойнттың сегізін жүзеге асырса, қазақстандық теннисші небәрі жалғыз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Ширек финалда Синнерді отандасы Лоренцо Музетти күтіп тұр. Ол әлемдік рейтингте оныншы орында.
Еске салайық, Синнер мен Бублик биыл мамыр айында Германидағы турнирде кездескен болатын. Ол кезде қазақстандықтың мерейі үстем болған.