«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейді. Мемлекет басшысы қала әкімі Дархан Сатыбалдыға осындай тапсырма берді. Бул туралы Президент кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. «Балалар үйіне жөндеу жұмыстары жасалып, нысан қаланың балансына өтеді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Осылайша балалардың құқығы заң шеңберінде толық қорғалады», — делінген телеграмдағы жазбасында.

Ақниет Балтанова