Конституциялық реформалар еліміздегі саяси науқандарды жаңа деңгейге көтерді. Бұл туралы бүгін Парламентаризм институтының сарапшылары мен депутаттар кездесуінде айтылды. Жиналғандар басты құжатқа енгізілген реформалардың ел дамуына қосқан үлесін талқылады. Кейінгі бес жылда ауыл әкімдерінің корпусы толық жаңартылды. 45 аудан мен қаланың әкімі сайланды. Бұл билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайта түсті. Өңірлердегі инфрақұрылымды, назардан тыс қалған мәселелерді реттеуге сеп болды, дейді сарапшылар.
Шолпан Саймова, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм инуституты орталығының басшысы:
Қазіргі таңда бұл азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау мәселесі, экономикалық-әлеуметтік мәселелерді қарастыру – бұл Конституциямыздың өте маңызды шарасы.
Жанел Өтеулі