Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары Қызылордада жалғасты, деп хабарлайды 24kz.
«AMANAT» партиясының мүшелері жаңа футбол стадионының құрылысымен танысып, ойыншылармен кездесті. Жаңадан бой түзеген нысан UEFA стандарттарын ескеріп салынған. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл Мемлекет басшының тапсырмасы әрі жергілікті спортшыларды қолдаудың бір көрінісі екенін атап өтті.
Қыркүйек айында мұнда алғашқы ойын өтеді. Стадионға бір мезетте 11 мың адам сыяды. Қазір құрылыс қызу: трибуналар орнатылып, қабырғалар қаланған. Жақын маңда автотұрақ та салынып жатыр. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған стадион аймақ тарихындағы ең ауқымды спорттық кешен болмақ. Облыстық спорт басқармасының хабарлауынша, стадионда футболдан бөлек, бокс, күрес, гимнастика сынды спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай жасалады.