Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенатор Әсем Рахметова, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мамбетов пен Дмитрий Колода келді. Олар өңірдің елдімекендерін аралап, тұрғындармен кездесті, өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутаттардың өңірге сапары аясында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов олармен мазмұнды кездесу өткізді. Онда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қаралды. Облыста жүзеге асырылып жатқан негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, халықты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ СҚО үшін маңызды мәселелер сөз болды.
Депутаттар өңірде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтіп, заңнамалық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.