Қазақстандықтар EGov mobile қосымшасы арқылы өзінің жеке деректерін кім таратқанын тексере алады. Жақында іске қосылған Nomad Guard қызметі деректеріңіз жинақталған барлық жүйені сүзгіден өткізіп, ол жерден қай уақытта қандай мәліметіңіз алынғанын анықтап береді. Ол үшін EGov mobile қосымшасында Басқа қызметтер бөліміндегі Nomad Guard-ты таңдап, «тексеру» түймесін басу қажет. Нәтижесін білу үшін «Менің тексерістерім» бөліміне өтесіз.
Оңғар Алпысбайұлы