Жеке деректер тарап кеткені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар цифрлық қауіпсіздік мәселесіне алаңдай бастады. Желі қолданушылары жеке тәжірибесін, лайфхактарын бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әңгіме eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, жақында ғана іске қосылған Nomad Guard қызметі туралы болып отыр.
"eGov жүйесіндегі Nomad Guard-ті көрдіңіздер ме? Сол жақтан жеке деректеріңізді кім және қашан таратқанын көруге болады екен. Менің жағдайымда тамақ жеткізу қызметі және спорттық тауарлар дүкені болған", — деп жазды қолданушылардың бірі әлеуметтік желіде.
Nomad Guard-ты қалай қолдануға болады?
Бұл қызмет деректеріңіз қай сайттар немесе платформалар арқылы тарап кеткенін, күнін және тараған ақпарат тізімін көрсетеді.
Nomad Guard-ты қолдану үшін:
- eGov Mobile қосымшасында тіркелу;
- "Басқа қызметтер" бөліміне өту;
- Nomad Guard қызметін таңдап, "Тексеру" түймесін басу;
- Сілтемені енгізу немесе тарап кеткен деректерді таңдау;
- Нәтижені білу үшін "Менің тексерістерім" бөліміне өту қажет.
Қандай жағдай болды?
Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.
Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!