Бұл туралы CTS Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.


Бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалған жоқ, қозғалыс қалыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазір жолаушылар ағыны екі есе азайды. Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүреді. Сол себепті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Өйткені кейбір әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді CTS Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Айта кетейік, LRT желісінде жолаушылар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзудың жекелеген жағдайлары тіркелді.