Қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін анықтауға кедергі келтіретін киім немесе бұйымдар киюге тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгін Сенатта депутат Наурызбай Байқадамов айтты. «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізілетін бұл норма қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған. Бірақ бұл шектеу заң талаптарын орындау мақсатында, қызметтік, медициналық мақсаттарда, ауа райына байланысты немесе спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде киетін адамдарға қолданылмайды.
Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл шара қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту, бет-әлпетті тану құралдарының тиімділігін арттыру, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндігін күшейтетін болады.
Азамат Бейбітұлы